18 сәуір 2019 09:53

Нотр-Дам де Пари: Тағдырына бес рет қатер төнген собор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vintag.es © vintag.es

15 сәуірде Париждегі Құдай аналарының соборы отқа оранды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Нотр-Дам соборында шыққан жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына көңіл білдірді. Бүкіл әлем жұртын тарихи ғимараттың өрті бей-жай қалдырмады.


15 сәуірде Париждегі Құдай аналарының соборы отқа оранды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Нотр-Дам соборында шыққан жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына көңіл білдірді. Бүкіл әлем жұртын тарихи ғимараттың өрті бей-жай қалдырмады.

Шіркеудің төбесі, сағаты мен шатыры түгел өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер собордың ішкі көрінісін сақтап қалды. Орындықтары да бүтін. Әзірше Франция үкіметі мәдени мұраны қалай қалпына келтіру керектігін жақсылап ойластырып жатқан кезде танымал француз миллионерлері қомақты қаржы аударып жатыр. КТК телеарнасы Нотр-Дамның XIX ғасырдағы қандай болғанын және оның ішінде қандай оқиға болғанын еске түсірді.

ХХ ғасырдың басына дейін собор Париждегі ең биік ғимарат болған

Сәулетшілер 850 жыл бұрын собор тұрғызбақ болғанда олардың жоспарын тым өршіл деп атапты. Өйткені шіркеу қоңырауы 69 метр, ал төбесі қаладан 90 метр биіктікте болған. Айта кету керек, Эйфель мұнарасын тұрғызардан бұрын Нотр-Дам Париждің ең биік ғимараты болып саналды.

Бірдей мұнаралар - собордың айрықша белгісі

Собордың мұнаралары өрттен аман қалды. Білесіз бе? Тап сол бірдей мұнаралар Нотр-Дам де Паридің айрықша белгісі болып табылады. Өйткені ол біреу емес - екеу (басқа орта ғасырлық шіркеу ғимараттарымен салыстырғанда).

Шіркеу кезінде қойма болған

Революция кезінде Нотр-Дам де Пари қазыналарының басым бөлігі тоналып, інжіл патшаларының бас мүсіндері Сена өзеніне лақтырылып, үй-жайларын азық-түлік сақтау қоймасы ретінде қолданған екен.

Соборда Наполеонға тәж кигізу рәсімі өткізілген

1804 жылы Наполеон Бонапарт соборда өзінің тәж кию рәсімін өзкізбек болғанда ғимараттың іші адам көргісіз, сиықсыз күйде болған. Қабырғалардың жырықтары мен үңірейген тесіктерін гобеленмен жауып тастапты. Cите аралында орналасқан сәулет ескерткішін XIX ғасырдың басында кедейлер аралы деп санаған. Жергілікті ақсүйектер бұл жерге жоламаған, сөйтіп ол Нотр Дамдың құлдырауына ықпал етті. Тәжін киген жаңа император соборды қайта жаңғыртамын деп, бірақ сертінде тұрмады.

Виктор Гюгоның романы ғимараттың бұзылуына жол бермеді

1830-жылдардың басында Құдай ана соборын бұзу туралы мәселе қойылды. Ғимарат өрт қаупін тудырады және оны қалпына келтіруге ешкім құлықсыз деп шешті. Көпшіліктің айтуынша, тарихи ескерткіштің тағдырын Виктор Гюгоның "Париж Құдай-ана соборы" атты романы шешкен. Романның жұртқа кеңінен таралып, орасан зор жетістікке ие болғаны соншалық, оқырмандар Париж қаласына барып шым-шытырақ оқиға болған шіркеуді көруге асыққан.

Сөйтіп жергілікті билік ғимаратты бұзу туралы шешімді қайта қарап, Нотр-Дамды қалпына келтіруді қолға алды. Айтпақшы, тап сол кезде ғимараттың төбесін қайта тұрғызған. Ендеше атақты собор жақын уақытта қалпына келтіріліп, әлем саяхатшылары тамашалайтын еуропалық орта ғасырлық көрікті жердің тізіміне кіреді деп үміттенеміз.


© Суреттер vintag.es сайтынан алынды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети