© news.sputnik.ru
НТВ тілшісін тікелей эфир кезінде ұрған ер адамды полицейлер тергеп жатыр, - деп хабарлайды Life.ru.
НТВ тілшісін тікелей эфир кезінде ұрған ер адамды полицейлер тергеп жатыр, - деп хабарлайды Life.ru.
Полиция бөлімшесінде ер адам Ресейдің Әуе-десантты әскерінде борыш өтемегенін мойындады.
Сонымен қатар, бұзақы әскери қақтығыстарға қатысқанын айтады. "Ресейде емес, Захарченко жүрген жерде", - дейді ол. Ер адам Донбастағы қақтығыстарды меңзеген болуы мүмкін.
Еске салайық, 2 тамызда НТВ тілшісі Мәскеудегі Горький саябағындағы субұрқақ маңында тікелей эфирден мереке туралы бағдарлама жүргізіп тұрған. Осы кезде тілшіні боқтанып келген мас ер адам жағынан ұрған болатын.