26 ақпан 2019 | 17:19

Нұрлан Байділданың Венесуэла президенті Мадуромен байланысы бар ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS, instagram.com/nurlan.baidilda © REUTERS, instagram.com/nurlan.baidilda

Венесуэла оппозициясы қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Байділда елдің қазіргі президенті Николас Мадуромен байланысы бар деген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Венесуэла оппозициясы қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Байділда елдің қазіргі президенті Николас Мадуромен байланысы бар деген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Венесуэла ұлттық ассамблеясы Мадуро мемлекеттен ұрлаған қаржыны Nurlan Baidilda Ltd есепшотында ұстайды деп санайды.

"Ұрланған активтерді қайтару бойынша тергеу жүргізіп жатырмыз. Соның нәтижесінде диктатор алған қаржының басым бөлігі Nurlan Baidilda Ltd қорының есепшотында жатқанын айта аламыз", - деп жазды оппозиция мүшесі Карлос Веккио Twitter-де. Нұрлан Байділданың өзі мерзімінен бұрын қорытынды жасамауды сұрады.

"Тендермен жұмысқа үйретуге жүздеген түрлі адамдар инвестиция береді. Маған олардың саяси көзқарастары емес, үлкен табыстары маңызды. Клиенттерімнің құпиялығы - мен үшін бірінші орында. Маған және менің Tender First компанияма қатысты шуды менің президенттің командасына енуіме бөгет болғысы келетін адамдар жасап жатыр дей ойлаймын. Мен саясатпен айналыспаймын, мен - кәсіпкермін. Бұл жаңалық мені де таңқалдырды. Мұнда маған қатысты қарама-қайшы нәрселер көп. Мерзімінен бұрын қорытынды жасамаңыздар. Жақын арада бәрі шешіледі", - деді ол. 

Нұрлан Байділда қазақстандықтарға Instagram-да тендерлер туралы жарнамасының арқасында танымал болған еді. Ол жарнамада ниет білдірушілерге тендерлерге қалай қатысу керек, одан қалай ақша табу қажет екенін түсіндіретінін айтқан.

АҚШ президенті Дональд Трамп былтырдан бері бүкіл әлем бойынша Мадуроның қаржылық есепшотын жауып тастаған еді. Америка көшбасшысы үкіметтік шенеуніктерге санкция қойып, Гуаидоны президент деп мойындады.

Алайда Мадуро Трампқа қарсы шығуға уәде беріп, америкалық президент оны тақтан түсіруге ұмтылып жатқанын айтты.

Венесуэла ұлттық ассамблеясының спикері Хуан Гуаидо 23 қаңтарда уақытша үкімет кезінде өзін мемлекет басшысы деп жариялады. АҚШ пен бірқатар басқа елдер оның билігін мойындады. Ал Ресей, Қытай мен басқа да елдер Николас Мадуроға Венесуэланың заңды президенті ретінде қолдау көрсетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети