05 сәуір 2020 10:02

Нью-Йорк дәрігерлері медициналық халаттың орнына қоқыс пакетін киюге мәжбүр - БАҚ

Көрнекі сурет © REUTERS

Бруклиндегі медициналық орталық дәрігерлері эпидемия кезінде медициналық халаттың орнына қоқыс пакетін киюге мәжбүр. Бұл туралы SUNY Downstate Medical Center орталығының директоры Уэйн Райли мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уэйн Райлидің сөзінше, орталықтағы дәрігерлерге медициналық халаттар тек жарты күнге жетеді. 

Реклама
Реклама

"Біз мемлекеттен қосымша қор келетін уақытта күте алмаймыз. Білуімізше, мемлекеттік қор таусылған. Сондықтан амалын табу керек", - деді орталық директоры. 

АҚШ-та безгекке қарсы дәрімен коронавирусты емдейді

Айта кетейік, бүгінде АҚШ коронавирус жұқтыру дерегі бойынша бірінші орында тұр. Елде барлығы 312 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, 8454 адам өлімі тіркелген. Ал 3 сәуірде АҚШ коронавирустан болған өлім саны бойынша қайғылы "рекорд" орнатты: бір тәулікте 1169 адам. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram