1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

АҚШ бір тәулікте коронавирустан болған өлім саны бойынша қайғылы "рекорд" орнатты

© REUTERS © REUTERS

АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан болған өлім саны бойынша қайғылы "рекорд" орнатылды, - деп хабарлайды РИА Новости

Бүгінде АҚШ-та COVID-19 коронавирусынан 5926 адам қайтыс болған. Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1169 адам көз жұмған. 

Бұл бір елде бір тәулік ішінде коронавирустан болған өлім ең жоғары көрсеткіші. Алдыңғы "рекорд" Италияға тиесілі болған: 27 наурызда 969 өлім тіркелді.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 435-ке жетті. 27 адам жазылып шығып, 3 адам (Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарында) қайтыс болды.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!