Нью-Йоркте жүздеген адам Байденнің жеңісін тойлауға шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Reuters Фото: Reuters

Бірнеше жүздеген жас азамат Нью-Йорктің Манхэттеніндегі Вашингтон-сквер саябағына Демократиялық партия үміткері Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін тойлау үшін жиналды, - деп хабарлайды "Известия".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бірнеше жүздеген жас азамат Нью-Йорктің Манхэттеніндегі Вашингтон-сквер саябағына Демократиялық партия үміткері Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін тойлау үшін жиналды, - деп хабарлайды "Известия".

Басылымның мәліметінше, қала орталығындағы полициямен қақтығыс және ұстаудан кейінгі акцияға қарағанда адам көп жиналған. Жас жігіттер мен қыздар бейбіт митингіге шыққан: билейді, гитарамен ән айтады, жүріп келіді. Ауданда полицейлер көп және оларға кедергі жасамайды.

Жиналғандардың көбі Байденді қолдайды немесе мемлекет басшысы болған екі үміткерге де бейтарап қарайды. Алайда кей жерде АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампты қолдаған транспаранттарды (матаға не қағазға жазылып ілінген ұранды) көруге болады. 

Акция қатысушылары Байденнің жеңісі, сондай-ақ дауыс берудегі сандардың қате еместігін айғайлап айтты. Қатысушылардың бірі бүгінгі жиналыс наразылық шараларынан кейінгі "жаттығу" және Трамптың жеңілісін тойлау екенін айтты. Сондай-ақ ол жұмыс әлі аяқталмағанын, енді олар Байденнің сайлауалды уәдесін орындауын талап ететіндерін атап өтті.

5 қарашада Нью-Йорк тұрғындары қала орталығында Black Lives Matter ("Қаралардың өмірі маңызды") шеруіне шықты. Полиция агрессия көрсеткен қатысушыларды ұстады. Полицейлер мен Манхэттеннің оңтүстігінде жиналғандардың арасында қақтығыс болды.

Сол күні Нью-Йорк полицейлері қатысушылардан пышақ, ток ұратын құрал және қауіпті петардалар табылғанын мәлімдеді. Митингіге шыққандардың ішінен 20 адам ұсталды.

"Известия" тілшісі митингіге шыққандар ұсталғаннан кейін басқа қатысушылар "Стоп, Трамп" деген жазбаларын жерге тастап тарқағанын хабарлады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro