Нью-Йоркте Навальныйды қолдау акциясында Қазақстан туы көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йоркте Навальныйды қолдау акциясында Қазақстан туы көтерілді Нью-Йорктегі Тайм-скверде акцияға қатысушы плакат ұстап тұр. Фото: Александр Назаров

23 қаңтарда Алексей Навальныйды қолдау акциясы тек Ресейде емес, басқа да бірнеше мемлекетте өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 қаңтарда Алексей Навальныйды қолдау акциясы тек Ресейде емес, басқа да бірнеше мемлекетте өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нью-Йорктегі Таймс-скверде көптеген адам ту және плакат ұстап, оның ішінде Қазақстан туын көтеріп жиналды.

"Көп адам шықты. Навальныйды, саяси тұтқындарды қолдау үшін жиналды. Ту, плакат ұстап жаяу жүрдік. Адамдар кімде ең креатив плакат деп жарысып келеді. Акцияға тек ресейліктер емес, орыстілді азаматтар қатысып жатыр. Мұнда беларусиялықтар да бар, Қазақстан туы да көрініп тұр. Осының алдында беларусиялықтарды қалай қолдаса, қазір де тура солай болып жатыр", - деді E1.RU басылымына Екатеринбург тумасы Дмитрий Ланге. 

Навальныйды қолдау митингі Лос-Анджелес, Прага, Тель-Авив, Амстердам, Гаага, Барселона, Рим, Вена, Хельсинки, Париж, Варшава, София, Стокгольм, Берлин, Гамбург, Лондон, Тбилиси, Вильнюс, Сидней,  Черногорияда өтті, деп жазады Meduza.   

Шетелде олар Ресей елшілігі мен дипломатиялық мекемелердің алдында жиналды. Бірнеше жүздеген адамнан бастап мыңға дейін адам шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети