Нью-Йоркте жүк көлігінің жаяу жүргіншілерді қағып кету салдарынан жеті адам қаза тапты, кемінде 15 адам зардап шекті, - деп хабарлайды ABC.
Нью-Йоркте жүк көлігінің жаяу жүргіншілерді қағып кету салдарынан жеті адам қаза тапты, кемінде 15 адам зардап шекті, - деп хабарлайды ABC.
31 қазанда Нью-Йоркте жүк көлігінің жүргізушісі Манхэттонда жаяу жүргіншілерді қаққан. Ол өз жолындағы велосипедшілерді де қағып, бірнеше көше бойы жүріп өткен. Сонымен қатар, жүк көлігінің оқушылар автобусына соғысқаны хабарланды. Содан кейін жүргізуші көліктен шығып, пейнтболға арналған тапаншаны қолына ала бергенде полицейлер оған оқ атқан. Күдікті ауруханада жатыр.
Қаза тапқан азаматтардың бесеуі аргентиналықтар екені анықталды. Қаза тапқан аргентиналық азаматтардың есімі: Эрнан Диего Мендоса, Диего Энрике Ангелини, Алехандро Дамиано Панукко, Ариэль Эрлих және Эрнана Ферручидің.
Осы оқиғаның салдарынан сегіз адам қаза тапты және оннан аса адам зардап шекті. Нью-Йорк мері Билл Де Блазио оқиғаны лаңкестік деп атады.
Америкалық БАҚ мәліметінше, ұсталған азамат Өзбекстан азаматы. Ол АҚШ-қа 2010 жылы келген 29 жастағы Суйфуло Саипов. Құқық қорғау органдарындағы дереккөз мәліметінше, күдікті көлігінде қысқаша хат қалдырып кеткен, онда ол осы лаңкестік актісін ДАИШ атынан істегені жазылған.
JUST IN: Photo of Sayfullo Habibullaevic Saipov, 29, of Tampa, Florida, suspect in deadly NYC terror attack https://t.co/zof4fpEths pic.twitter.com/Oq0Trli4UG
— CBS News (@CBSNews) 31 октября 2017 г.
Here he is, shot in the abdomen by officials.
— Greg Lee (@GGGLee089) 31 октября 2017 г.
Sayfullo Saipov the NYC bike path attacker. pic.twitter.com/DG5U5uMRXE