Нью-Йоркте лаңкестік жасады деген күдікті Uber компаниясында жүргізуші болып істеген, - деп хабарлайды РИА Новости порталы CBS News арнасына сілтеме жасап.
Нью-Йоркте лаңкестік жасады деген күдікті Uber компаниясында жүргізуші болып істеген, - деп хабарлайды РИА Новости порталы CBS News арнасына сілтеме жасап.
Uber өкілі күдіктінің компанияда жұмыс істегенін растады және жұмысқа алынарда өмірбаяны тексерілгенін мәлімдеді. Қазір оны Uber парақшасында шектеп тастағаны хабарланып отыр. Компания Федералды тергеу бюросы және құқық қорғау органдарымен байланыста.
Еске салайық, 31 қазанда Нью-Йоркте жүк көлігінің жүргізушісі Манхэттонда жаяу жүргіншілерді қаққан. Ол өз жолындағы велосипедшілерді де қағып, бірнеше көшені жүріп өткен. Сонымен қатар, жүк көлігінің оқушылар автобусына соқтығысқан. Осыдан кейін жүргізуші көліктен шығып, пейнтболға арналған тапаншаны қолына алған сәтте полицейлер оған оқ атқан. Күдікті ауруханада жатыр.
Қаза тапқан азаматтардың бесеуі аргентиналықтар екені анықталды. Олардың есімі: Эрнан Диего Мендоса, Диего Энрике Ангелини, Алехандро Дамиано Панукко, Ариэль Эрлих және Эрнана Ферручидің.
Осы оқиғаның салдарынан сегіз адам қаза тапты және оннан аса адам зардап шекті. Нью-Йорк мері Билл Де Блазио оқиғаны лаңкестік деп атады.
Америкалық БАҚ мәліметінше, ұсталған азамат Өзбекстан азаматы. Ол АҚШ-қа 2010 жылы келген 29 жастағы Суйфуло Саипов. Құқық қорғау органдарындағы дереккөз мәліметінше, күдікті көлігінде қысқаша хат қалдырып кеткен, онда ол осы лаңкестік актісін ДАИШ атынан істегені жазылған.
JUST IN: Photo of Sayfullo Habibullaevic Saipov, 29, of Tampa, Florida, suspect in deadly NYC terror attack https://t.co/zof4fpEths pic.twitter.com/Oq0Trli4UG
— CBS News (@CBSNews) 31 октября 2017 г.
Here he is, shot in the abdomen by officials.
— Greg Lee (@GGGLee089) 31 октября 2017 г.
Sayfullo Saipov the NYC bike path attacker. pic.twitter.com/DG5U5uMRXE