Нью-Йорктің 2,7 миллион тұрғынынан коронавирусқа антидене анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йорктің 2,7 миллион тұрғынынан коронавирусқа антидене анықталды Фото: © REUTERS

Нью-Йорк штатында үш мың адамның арасында жүргізілген зерттеу қорытындысы тұрғындардың 13,9 пайызында коронавирусқа антидене барын көрсетті. Бұл туралы штат губернаторы Эндрю Куомо мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йорк штатында үш мың адамның арасында жүргізілген зерттеу қорытындысы тұрғындардың 13,9 пайызында коронавирусқа антидене барын көрсетті. Бұл туралы штат губернаторы Эндрю Куомо мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Губернатор мұндай нәтиже штатта 2,7 миллион адамның COVID-19 жұқтырғанын болжауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Біз Нью-Йорк штатында инфекция жұқтыруы мүмкін адамдардың санын анықтау үшін ірі зерттеу жүргіздік... Бізде бірінші фазаның алды ала деректері бар және соларды жалғастыра береміз. Бізде үш мыңға жуық тест бар... штаттың 19 округінен, 40 елді мекенінен. Зерттеулер азық түлік дүкендерінде және т.б. жерлерде жасалды, яғни біз карантин кезінде үйден шығуға рұқсат етілген адамдардан тест алып жатырмыз", - деді Куомо баспасөз конференциясында.

"Әзірше 13,9 пайызы антидененің барын көрсетті. Бұл осы адамдардың КВИ жұқтырғанын және оларда вирусқа қарсы антидене пайда болғанын білдіреді. Көрсеткішке қалай әсер етеді? Егер тұрғындардың 13,9 пайызы болса, онда шамамамен 2,7 миллион адам жұқтырған", - деді ол.

"Комсомольская правда" басылымы Штат АҚШ-та коронавирус пандемиясының орталығында тұрғанын хабарлады. Нью-Йорк қаласының билігі мамыр айының ортасында инфекция жұқтырғандардың саны күрт көбейеді деп болжап отыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети