13 наурыз 2014 | 09:55

Обама мен Яценюк Украинадағы жағдайды талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Барак Обама мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк соңғы уақыттарда Украинада орын алған жағдайды талқыға салды, деп хабарлайды AFP. Кездесу Ақ үйде өтті. Кездесу барысында Обама АҚШ Украина жерінің тұтастығын қолдайтынын айтып, Ресей президенті Владимир Путинді мәселені шешудің басқа тетіктерін қарастыруға шақырған. Ол сондай-ақ, Қырымда өткелі отырған референдумға байланысты Ресейдің алдына қойған мақсат-міндеттерін өзгеріп, мәселені дипломатиялық жолмен шешілетініне сенім артты. Яценюк өз кезегінде Обамаға алғысын білдіріп, Украина билігі Ресеймен арадағы диалогқа дайын екенін мәлім етті. "Біз өз бостандығымыз үшін күрестік. Біз өз тәуелсіздігіміз үшін күресе береміз де. Және біз ешқашан алған бағытымыздан айнымаймыз", - деп атап өтті Яценюк. Обама мен Яценюк наурыздың 16-сына жоспарланған Қырымдағы референдум заңға қайшы екенін мәлімдеді. Обаманың сөзіне қарағанда, егер Ресей билігі Украинаға қатысты жоспары мен іс-әрекетін өзгертпейтін болса, онда АҚШ пен әлемнің басқа да елдері Ресейді осы әрекеті үшін орасан зардап тартатындай етуге мәжбүр болатынын жеткізді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети