АҚШ президенті Барак Обама тілшілерге Владимир Путинмен әңгімесі жайлы айтып берді, мұнда Ақ үй басшысы баспасөздегі сөз бостандығы жайлы мәселені көтерген. Әңгіме барысында америкалық лидер ресейлік әріптесін еліндегі БАҚ-ты толықтай бақылап отырады деген болжам айтты, - деп жазады New York Times.

Вашингтонда Робин Тонер атындағы журналистік сыйлықты марапаттау рәсімінде Обама тілші Джефри Гольдбергтің Atlantic журналында жария болған мақаласын еске салды. Мақала Обаманың сыртқысаяси доктринасына арналып, америкалық одақтастары мен Сауд Арабиясының билігіне және Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмеронға қатысты өткір сын айтылғандықтан, әлем бойынша шуға айналған еді.
Обама Путинмен осы мақала жайлы әңгімелесіпті. Мақаланың кей тұсына Путин қарсы болыпты. "Путин мырза ашық түрде таңғалғанын жасыра алмады" - деп жазады басылым.
Оған Обама журналистердің ісіне араласпайтынын айтып, жауап қатыпты. "Саған қарағанда, Владимир, мен мақалаларды жариялану алдында мен түземеймін", - деп келтіреді Обаманың сөзін ИноТВ. Алайда Обама Путинмен бұл әңгіменің қашан болғанын нақтыламады.