Обама ресейлік армияны "әлемде қуаты жағынан екінші тұр" деп сипаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Обама ресейлік армияны "әлемде қуаты жағынан екінші тұр" деп сипаттады © YouTube

АҚШ президенті Барак Обама сириялық оппозицияның "әлемде қуаты жағынан екінші тұрған" ресейлік армияға қарсы тұра алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Калифорниядағы баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Барак Обама сириялық оппозицияның "әлемде қуаты жағынан екінші тұрған" ресейлік армияға қарсы тұра алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Калифорниядағы баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Егер Ресей біз көріп отырған тәртіпсіз бомбалауларын жалғастыра берсе, меніңше, біз оппозицияның қандай да бір жетістікке жете алмайтынын көреміз. Иә, ресейлік армия ең ірілерінің бірі. Сириядағы көтеріліске қатысушы топтар әлемде қуаты жағынан екінші тұрған қарумен жарыса алмайды", - деп келтіреді агенттік Ақ үй басшысының сөзін.

Обама Сирияның тұрақтануының алғышарты деп саяси трансформацияны атады. 

Калифорнияда сөйлеген сөзінде америкалық президент АҚШ пен Ресейдің Сириядағы әрекеттерін осы екі елдің басшыларының қарсыластығының көрінісі деп атауға келмейтінін атап өтті. "Сирия - бұл Путин мен менің жарысымыз емес", - деп келтіреді Обаманың сөзін Bloomberg.

АҚШ президенті Ресейдің араласуынан және оның белгілі бір табыстарынан "Сириядағы соғыс аяқталған жоқ" деді, - деп жазады РБК. "Елдің төрттен үш бөлігін әлі күнге Асад емес, басқа адамдар бақылап отыр. Айтпақшы, мен мұны қуаныштан айтып отырған жоқпын", - деді ол.

Обама Ресейді Сирияда тұйықталып қалуы мүмкін деп есептейді: "Путин Сирияны әрдайым оккупациялауға қаражат шығындаймын деп ойлауы мүмкін, бірақ ол өте қымбатқа түседі. Ресей экономикасына қарасақ, бұл, әрине, Ресей үшін жақсы идея емес".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети