АҚШ соты америкалық сенаторлар мен президент Барак Обамаға у салынған хат жолдағаны үшін Джеймс Эверетт Датчкені 25 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ соты америкалық сенаторлар мен президент Барак Обамаға у салынған хат жолдағаны үшін Джеймс Эверетт Датчкені 25 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл үкім Датче өз кінәсін мойындау туралы арызын қайтарып алмайтынын мәлімдегеннен кейін жария етілген. Өткен аптадағы сот отырысында ол арызды қайтарып алатынын хабарлаған. Өйткені федералды прокуратураның "ол уды дайындаған және оның ДНҚ-сы респираторда табылған" деген мәлімдемесін дұрыс емес деп есептейді. Дегенмен Датче рицин уын дайындайтын клещевина тұқымын пайдаланғанын мойындады.
Егер Датче өз арызын қайтарып алғанда, оған өмір бойы бас бостандығынан айырылу қаупі төнер еді.
Еске сала кетейік, дүйім жұртты дүрліктірген бұл оқиға өткен жылдың сәуір айында орын алған болатын. Қауіпсіздік қызметкерлері Барак Обама мен сенатор Роджер Уикер мен Карл Левинге арналған хатты діттеген жеріне жеткізбей тәркілеген. Осы іске қатысты Датчкеге ресми айып тағылып, қамауға алынған. Оны тінту кезінде табылған респиратор өзіне қарсы басты айғақ болды. Құрылғыдан уды дайындау кезінде қалған ДНҚ мен рициннің іздері табылған.