Обаманың кітабы сатылымның бірінші күні рекорд орнатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың A Promised Land ("Жерұйық") кітабының бірінші томы сатылымның бірінші күнінде-ақ рекорд орнатты, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың A Promised Land ("Жерұйық") кітабының бірінші томы сатылымның бірінші күнінде-ақ рекорд орнатты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым CNN телеарнасының мәліметтерін келтірген, оған сәйкес 17 қарашада АҚШ пен Канадада кітаптың 887 мың данасы сатылған, оның ішінде алдын ала тапсырыс берілгендер де бар.

БАҚ хабарлауынша, Обаманың кітабы әйелі Мишелдің "Қалыптасу" атты естеліктерінен асып түскен. 2017 жылы сатылымның алғашқы күні оның 725 мың данасы сатылған болатын.

Бұған дейін баспасөзде "Жерұйықтың" бір бөлігі не туралы екені жазылған еді. Атап айтқанда, онда Францияның экс-президенті Николя Саркози, Кентукки штатының сенаторы Митч Макконнел, Оңтүстік Каролина сенаторы Линдси Грэм және басқалары туралы естеліктер бар. 

Сондай-ақ, Обама Ресей президенті Владимир Путинді еске түсіре отырып, оны "көше заңымен өмір сүретін қатал чикаголық қожаға" ұқсатқанын мойындайды. Ол өзінің ресейлік әріптесінен едәуір биік екенін, ал Путин "физикалық тұрғыдан қарапайым" екенін атап өтеді.

Обаманың "Жерұйық" мемуарларының бірінші томы 17 қарашада сатылымға шыққан. Онда Обама "өзін адам ретінде іздеп жүрген жас жігіттен еркін әлемнің көшбасшысына дейінгі керемет одиссеясының тарихы" туралы баяндайды. Кітапта Обаманың сайлауда жеңіске жету жолы мен президент болған уақыттағы оқиғалары жазылған.

Обаманың бұрынғы кітаптары да оқырмандар арасында сәтті болған. Мәселен, ол "Әкемнің арманы" кітабынан 6,8 миллион доллар тапқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro