Обаманың қыздарының сыртқы келбеті сынға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Обаманың қыздарының сыртқы келбеті сынға алынды

АҚШ-тың Президенті Обаманың қыздарының сырт пішіндерін, яғни киімдерін сынға алған Элизабет Лаутеннің Facebook парақшасындағы жазбасы қоғамда үлкен талқыға түсті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Президенті Обаманың қыздарының сырт пішіндерін, яғни киімдерін сынға алған Элизабет Лаутеннің Facebook парақшасындағы жазбасы қоғамда үлкен талқыға түсті.

Бұл даулы ақпаратты таратқан РИА Новости Элизабет Лаутеннің кешірім сұрап, Facebook парақшасындағы жазбасын өшіріп тастағанын да жазыпты.

Анығырақ айтсақ, АҚШ-тың Республикалық партиясы Ұлттық комитетінің қызметкері Лаутен "Қымбатты Саша мен Малия, түсінемін, сендердің жастарың қазір өтпелі кезеңде тұр. Алайда сендер мемлекеттің бірінші адамының отбасы мүшесісіңдер. Соған лайық киініп, сол деңгейде жүріп-тұруларың керек. Өздеріңді сыйлаңдар. Әйтпесе, көңіл көтеру орнына баратындай киініп аласыңдар. Сонымен қатар, теледидарға шыққанда түрлеріңді тыржитып алу артықтау", деп жазған болатын.

Әлеуметтік желілердегі айтыс толастар емес. Twitter қолданушыларының бірі "біреуді мәртебесіне қарай сынайтын дәрежеде емессіз", деп, Элизабет Лаутеннің өзін айыптапты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети