Курганская облысының Шадринск қаласындағы №15 мектептің жетінші сынып оқушысы қару апарып сыныптастарына оқ атты, деп хабарлады lenta.ru порталы облыстық ІІДБ-ға сілтеме жасап.
Курганская облысының Шадринск қаласындағы №15 мектептің жетінші сынып оқушысы қару апарып сыныптастарына оқ атты, деп хабарлады lenta.ru порталы облыстық ІІДБ-ға сілтеме жасап.
Порталдың хабарлауынша, оқиға бүгін, 21 наурызда таңертең болған.
"13 жастағы қыз әкесіне тиесілі пневматикалық қаруды рұқсатсыз алып, мектепке апарып, сыныптастарына оқ жаудырған. Жеті бала жарақат алды: денелері көгерген және жара болып қалған", - делінген жарияланымда.
Қазір мектепте жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, мамандар оқиғаның мән-жайын анықтайды.