Олимпиадада Ресей "Татудың" әнімен қыр көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиадада Ресей "Татудың" әнімен қыр көрсетеді "Тату" тобының "Нас не догонят" бейнеклипінің кадры. ©Lenta.ru

Сочиде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында ресейлік спортшылар құрамасы "Тату" тобының "Нас не догонят" әнімен таныстырылады деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Бұл туралы ақпаратты 1 ақпан күні салтанаттың дайындығын көрген "Бизнес Online" басылымының тілшісі ең алғаш болып таратқан. Ресей спортшыларының өздерін "Тату" тобының атақты әнімен таныстыратыны туралы хабарды басқа да ақпарат құралдары растап отыр. Репетицияда әйгілі дуэттің өзі болмаған. Бұған дейін "Татудың" Олимпиаданың ашылуында өнер көрсететіні хабарланған еді. Тағы қандай музыканттардың ән шырқайтыны әзірше белгісіз. "Алаш айнасы" Олимпиаданың мәдени шараларына барлығы 5000 әртіс қатысатынын жазады. Еске салайық, XXII Қысқы Олимпиада ойындары 7 ақпан күні "Фишт" стадионында Мәскеу уақыты бойынша 20.14-де салтанатты жағдайда ашылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети