Олимпиаданың екі дүркін чемпионы педофил деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы педофил деп айыпталды © movqe.az

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы және Әзірбайжан құрамасының бапкері австриялық Петер Зайзенбахерге кәмелетке толмаған бірнеше қызға қатысты сексуалды сипатағы қылмыс жасады деген айып тағылды, - деп хабарлайды ТАСС.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы және Әзірбайжан құрамасының бапкері австриялық Петер Зайзенбахерге кәмелетке толмаған бірнеше қызға қатысты сексуалды сипатағы қылмыс жасады деген айып тағылды, - деп хабарлайды ТАСС.

Үш жылдық тергеудің нәтижесі бойынша, 56 жастағы спортшы 1990 жылдар соңы мен 2 000 жылдар басында Венадағы спорттық клубтардың бірінде қызмет атқарып жүріп, екі қызды зорлаған деп айыпталып отыр. Олардың бірі үш жыл бойына осындай қорлық көріп келген және Зайзенбахер тағы бір қызды зорламақ болған. Тергеу амалдары жәбірленушінің арызы негізінде басталған.

Спортшының қорғаушысы Зайзенбахер тағылған айыптар туралы білетіндігін, дегенмен бұл туралы еш нәрсе айта алмайтындығын жеткізді.

Петер Зайзенбахер 1984 жылғы Лос-Анджелесте өткен және 1988 жылы Сеулде өткен олимпиадаларда 86 киллограммға дейінгі салмақта жеңіске жетіп, екі бірдей Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен алғашқы дзюдошы атанған.

2010 жылдан 2012 жылға дейін ол Грузияның құрамасын жаттықтырған. 2012 жылдан 2014 жылға дейін Әзірбайжан құрамасының бапкері болған. 2015 жылы қайтадан осы ел құрамасының бас бапкері болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети