25 маусым 2015 | 07:29

Өлім жазасына кесілген Царнаев сотта алғаш рет сөз сөйледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Судья Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу туралы үкім шығарып жатыр. © Art Lien Судья Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу туралы үкім шығарып жатыр. © Art Lien

2013 жылы Бостондағы марафон кезінде болған лаңкестікті жасады деп айыпты деп танылған Джохар Царнаев сотта тұңғыш рет сөз сөйледі. Сот отырысы сәрсенбі күні Бостонда өтті, ресми түрде өлім жазасына кесу үкімінің шығуы алдында ол жиналғандарға қарата сөз айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

2013 жылы Бостондағы марафон кезінде болған лаңкестікті жасады деп айыпты деп танылған Джохар Царнаев сотта тұңғыш рет сөз сөйледі. Сот отырысы сәрсенбі күні Бостонда өтті, ресми түрде өлім жазасына кесу үкімінің шығуы алдында ол жиналғандарға қарата сөз айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Джохар Царнаев сот залында. © Art Lien

21 жастағы айыпталушы өз сөзін Алла Тағаладан бастады. Ол өз қорғаушылары мен алқа сотына, оның жағында сөз сөйлегендерге алғыс айтып, лаңкестіктен зардап шеккендерден кешірім сұрады.


Қаза тапқандардың туыстары Царнаевқа сөз айтты. © Art Lien

Мен тірі қалғандардан кешірім сұрағым келеді. Жарылысқа мен айыптымын, күмәнсіз", - деп келтіреді Царнаевтың сөзін CBS арнасы сот залынан.

Cудья Джордж О'Тул өлім жазасына кесу туралы үкімді оқып жатыр. © Art Lien

"Өлтіргенім үшін, келтірген залалым үшін кешірім сұраймын", - деді ол. Сонымен қатар, ол өзі үшін және ағасы Тамерлан үшін Алладан кешірім сұрады.

Қаза тапқандардың туыстары мен зардап шеккендер сот залында. © Art Lien

Бұдан кейін Царнаевқа қатысты үкім шықты. "Алқа соты Мартин Ричард пен Лу Линцзыны өлтірген сені бірауыздан ең ауыр жазаға кесті, осы баптар бойынша сені өлім жазасына кесу менің міндетім", - деді судья Джордж О'Тул.

"Сенің есімің аталғанда саған риза болған мұғалімдерің туралы емес, әрқашан зұлыммен байланысты болады. Адамгершілігіңді ұмыттың", - деді судья сотталушыға қарата.

Сотта қаза болғандардың туыстары мен достары, зардап шеккендер сөз сөйледі. Барлығы 20 адам сөз сөйледі. Біреулер "әділ үкімнің шыққаны үшін" алқа сотына алғыс білдірді, тағы біреулер Царнаевты тәубеге келуге шақырды. Қайғылы оқиғаның куәгерлері Царнаевты ағасы Тамерланды тоқтатпағаны үшін айыптады.   


Бостондағы терактіде зардап шеккендер. © Reuters

"Егер сол қасиеттің тамшысы болса бүгін сен өзіңнің өкінгеніңді көрсете аласың", - деді шабуыл кезінде қаза болған қыздың құрбысы. 


© Getty Images

Айта кетейік, үкім шығарылған сот ғимаратының алдында Царнаевты өлім жазасына кесу турал үкімге қарсы шыққан ондаған адам жиналды. Олар қатал жазаны белгілемеу туралы мәтін жазып, қолдарына ұстап, көтеріп тұрды.

© Reuters

Осы жылдың басында Джохар Царнаев Бостондағы үш адам қаза тауып, 260 адам жарақат алған лаңкестікке байланысты айыпты деп танылған болатын. 15 мамырда алқа соты оны өлім жазасына кесті.

Бостондағы теракт кезінде қаза тапқандар: 8 жастағы Мартин Ричард, 29 жастағы Кристайл Кэмпбелл және 23 жастағы Линцзу Лу.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети