14 сәуір 2022 | 11:35

"Өлім құшқан бейбіт халық ешкімді алаңдатпайды". Зеленский мен Путин мәлімдемелері

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: Tengrinews.kz Коллаж: Tengrinews.kz

Tengrinews.kz тілшісі Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер қалай жүріп жатқанына және екі ел президентінің бір-біріне жасаған мәлімдемелеріне шолу жасады. 


Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz тілшісі Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер қалай жүріп жатқанына және екі ел президентінің бір-біріне жасаған мәлімдемелеріне шолу жасады. 

Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері 28 ақпанда басталды. Беларусьте бірнеше кездесу өтті, содан кейін келіссөздер видео байланыс арқылы жалғасын тапты. 10 наурызда Түркия Анталиядағы дипломатиялық форум аясында Ресей мен Украина СІМ басшылары Сергей Лавров пен Дмитрий Кулебаның кездесуін ұйымдастырды. 29 наурызда Ыстамбұлда делегациялар келіссөздерінің кезекті раунды болды. Содан кейінгі диалог онлайн режимде жалғасып жатыр. 

Бұған дейін екі ел президентінің келіссөздерін ұйымдастыруға Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған да ниет білдірген еді. Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Зеленскийдің кездесуі мүмкін екенін жоққа шығармады, бірақ алдымен Ресей мен Украина келіссөздер нәтижелері бойынша өзара құжат мәтініне келісуі керек. 

Әзірге екі ел ымыраға келмеді. Соңғы келіссөздерден кейін Украина делегациясының басшысы халық депутаты Давид Арахамия Украина қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы келісім бойынша келіссөздер онлайн жүріп жатқанын айтты және Украина келіссөздердегі позициясын өзгертпегенін мәлімдеді.

Оның бұл сөзіне себеп - Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың мәлімдемесі еді. Ол келіссөздерде Киевтің позициясы өзгергенін айтқан болатын. Мәскеу Украинаның Ыстамбулдағы келіссөздерде жасаған ұсыныстарын өзгертетінін және қазір екі ел президенттерінің кездесуінде Қырым мен Донбасс мәселесін талқылауды ұсынғанын айтты.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Bild-ке берген сұхбатында Киевте Ресей президенті Владимир Путинмен отырып келіссөз жүргізгеннен басқа амалы жоқ, себебі соғысты тек Путин тоқтата алатынын айтқан болатын.

Сонымен қатар, Украина басшысы "Ресей мен ресейлік сарбаздарды жек көретінін" ашып айтты. "Көз алдыма елестеген кезде. Қолынан, аяғынан айырылып қайтыс болған балалар. Бұл сұмдық", - деді президент. 

Путин алғаш рет Бучадағы оқиғалар туралы пікір білдірді

Кеше, 12 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин беларусьтік әріптесі Александр Лукашенкомен бірге "Восточный" ғарыш айлағына барды. Сол жерде ол Батыс санкциялары мен Бучадағы оқиғалар туралы пікір білдірді. Ресей басшысы Украинадағы арнайы "әскери операция" жоспарға сай жүріп жатқанын және оның "түсінікті әрі асыл" мақсаттары орындалатынын мәлімдеді. Ресей экономикасы Батыс санкцияларына төтеп беріп жатқанын да сенімді айтты.

"Қаскөйлер күткен блицкриг, әрине, болған жоқ, бұл анық. Біздің қаржы жүйеміз бен индустриямыз ырғақты жұмыс істеп жатыр", - деді Путин.

Сонымен қатар, Путиннің айтуынша, көрші елдің антиресейлік күштерімен қақтығыс болмай қоймады, өйткені олар "неонацизм өсімін әдейі арттырған".

"Өкінішке қарай, неонацизм бізге жақын, үлкен елде өмір шындығына айналды. Бұл анық нәрсе: одан қашып құтылмайтын едік, тек уақыт еншісінде болды. Бір жағынан адамдарға көмектесіп, оларды геноцидтен құтқарып жатырмыз, ал екінші жағынан Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдадық, басқа амалымыз болмағаны анық, бұл - дұрыс қадам. Ал мақсаттар орындалатынына күмән жоқ", - деді Ресей басшысы.

Сондай-ақ, Ресей президенті алғаш рет Бучадағы жағдайға пікір білдіріп, ол жақтан тараған ақпараттың бәрі жалған екенін айтты.

"Сирияда арандатушылық жасалғанда, Асад үкіметі химиялық қару қолданғаны айтылған еді. Кейін бұл фейк екені белгілі болды. Буча да дәл осындай фейк", - деді ол.

Ал Лукашенко Бучада болған оқиғаны ұлыбританиялық арнайы операция деп санайды. "Бүгін біз олардың арнайы операциясын, ағылшындар жүргізген психологиялық арнайы операцияны талқыладық. Егер сіздерге олардың Бучадағы мекенжайлары, парольдері, көлік нөмірлері, мөрлері қажет болса, Ресей ФҚК бұл материалдарды бере алады", - деді Беларусь президенті.

Зеленский Путин мәлімдемесінен кейін видеоүндеу жасады 

Украина президенті Владимир Зеленский 13 сәуірде, сәрсенбіге қараған түні видеоүндеу жасады. Ол бірінші кезекте Ресей президенті Владимир Путиннің "Украинадағы арнайы операция жоспар бойынша жүріп жатыр" деген мәлімдемесіне пікір білдірді. 

"Шынымды айтсам, әлемде мұндай жоспардың қалай пайда болатынын ешкім түсінбейді. Соғыстың бір айдан аса уақытында он мыңдаған сарбаздың өлімін көздейтін жоспар қалай пайда болуы мүмкін? ... Өлім құшқан бейбіт украиналықтардың саны Мәскеуде ешкімді мүлдем алаңдатпайтыны анық", - деді ол орыс тілінде және Ресей әскери қылмыстары үшін жауап беретіні сөзсіз екенін айтты.

Әрі қарай, Украина басшысы Путиннің одақтасы, украиналық саясаткер әрі олигарх Виктор Медведчуктың ұсталғанын мәлімдеп, оны тұтқындармен алмасуды ұсынды.

"Медведчуктің өзі әскери форманы таңдаса, ол соғыс ережелеріне бағынуы тиіс. Ресей Федерациясына осы жігітті қазір орыс тұтқында отырған біздің жігіт-қыздарымызға айырбастауды ұсынамын. Сондықтан біздің құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлер де осындай жолды қарастырғаны маңызды", - деді Зеленский.

© facebook/zelenskiy.official

Сонымен қатар, Владимир Зеленский ресейліктер Херсон Халық Республикасын Украинаның Херсон жерінде емес, Ресейдің өз жерінде жасасын деді. 

"Қалай болсын, басқыншыларға қарсы тұру керек. Қиын, білемін. Күресу керек. Ұлттық мемлекеттігімізді қорғау керек. Міндетті түрде сатқындарды жазалау керек. ХХР-ді украиналық Херсонда емес, Хакасияда жасасын. Украинаның болашағы, бәріміздің болашағымыз, әр қала, әр ауылдың болашағы біздің қарсылық күшімізге тікелей байланысты", - деді ол.

Оған қоса Украина президенті әлем Мариупольде ресейліктердің улы заты бар оқ-дәрілерді қолдануына "жауап беруі керек" екенін мәлімдеді. Ол әзірге бұл қандай қоспа екенін жүз пайыз сенімді айтуға болмайтынын айтты. "Себебі бұғатталған қалада толық тергеу мен талдау жүргізу мүмкін емес екені түсінікті".

"Бірақ ресейлік үгіт-насихатшылардың Мариуполь қорғаушыларына қарсы химиялық қаруды қолдану туралы бірнеше рет айтқан қорқытуларын ескере отырып және Ресей армиясының Украинада фосфор оқ-дәрілерін бірнеше рет қолданғанын ескерсек, әлем қазір жауап беруі керек. Алдын-ала жауап жасауы тиіс. 

Әйтпесе жаппай қырып-жоятын қаруды қолданып қойғаннан кейін берілген кез келген реакция ештеңені өзгертпейді. Бұл тек демократиялық әлемді кемітеді", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети