Омбыдағы казарманың қирауынан 12 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Омбыдағы казарманың қирауынан 12 адам қаза тапты © omskzdes.ru

Омбыда казарманың қирауы салдарынан 12 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, 19 адам ауруханада жатыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Омбыда казарманың қирауы салдарынан 12 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, 19 адам ауруханада жатыр.

Lifenews.ru басылымының мәліметінше, қиранды астында қалған адамдар бар, құтқарушылар олардың арасынан тірілері табылып қалар деп үміттеніп отыр.

Айта кетейік, Омбыда 12 шілде күні сағат 23.00 шамасында казарма қирады. "Омск здесь" порталының мәліметтері бойынша, төтенше жағдай болған сәтте ғимарат ішінде 337 адам болған. Оқиғаны зерттеу жұмыстарымен РФ Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы айналысып жатыр. Қазіргі таңда төтенше жағдай болған үшінші парашюттік-десанттық батальонның 242 оқу орталығында жөндеу жұмыстарының болғаны анықталды, ғимараттың инженерлік желілері, едендері, шатыры жөнделіп, терезелері ауыстырылып жатқан. Ғимаратты қайта жоспарлау жүргізілмепті. Жөндеу жұмыстарын Нижний Новгородтың "Ремэксстрой" компаниясы жүргізген, қосалқы мердігерлік туралы келісімшарт байқау қорытындысы бойынша жасалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети