13 шілде 2015 | 12:46

Омбыдағы казарманың қирауы: Қаза болған әскерилердің саны 19-ға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Омбыдағы казарманың қирауы салдарынан қаза болғандардың саны 19 адамға жетті, 4 әскери қызметкерді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды LifeNews. Қиранды астынан барлығы 37 адам шығарылды.


Иконка комментария блок соц сети

Омбыдағы казарманың қирауы салдарынан қаза болғандардың саны 19 адамға жетті, 4 әскери қызметкерді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды LifeNews. Қиранды астынан барлығы 37 адам шығарылды.

Казарманың қирауы дерегі бойынша "Немқұрайлылық" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. РФ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Мәскеудің әскери орталық госпиталына жіберуге 13 зардап шеккен әскери қызметкер дайындалып жатыр, олар Омбыдан Мәскеуге арнайы жабдықталған әскери тасымалдау авиациясының ұшағымен жеткізіледі. "Ұшақ Мәскеуге жеткеннен кейін білім беру орталығының әскери қызметкерлері тексерістен өтіп, ем алу үшін Бурденко мен Вишневский атындағы әскери орталық емханаларына жатқызылады", - дейді министрліктегілер.

Айта кетейік, Омбыда 12 шілде күні сағат 23.00 шамасында казарма қирады. "Омск здесь" порталының мәліметтері бойынша, төтенше жағдай болған сәтте ғимарат ішінде 337 адам болған. Оқиғаны зерттеу жұмыстарымен РФ Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы айналысып жатыр. Қазіргі таңда төтенше жағдай болған үшінші парашюттік-десанттық батальонның 242 оқу орталығында жөндеу жұмыстарының болғаны анықталды, ғимараттың инженерлік желілері, едендері, шатыры жөнделіп, терезелері ауыстырылып жатқан. Ғимаратты қайта жоспарлау жүргізілмепті. Жөндеу жұмыстарын Нижний Новгородтың "Ремэксстрой" компаниясы жүргізген, қосалқы мердігерлік туралы келісімшарт байқау қорытындысы бойынша жасалған.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети