Омикрон "дельтаны" ығыстыра ала ма?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Омикрон "дельтаны" ығыстыра ала ма? Фото ©REUTERS

Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург омикрон штамы "дельта" штамын ығыстыруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ол Оңтүстік Африкада өте тез таралып жатыр деген ақпарат бар. Сондықтан бәрі де мүмкін", - деді ғалым басылымға берген сұхбатында.

Ресейде жаңа штамм Оңтүстік Африкадан келген екі адамнан расталды. Гунцбургтің айтуынша, олар бұрын екпе алғандықтан ауру жеңіл түрде өтіп жатыр.

Еске салайық, коронавирустың омикрон нұсқасын ДДСҰ сарапшылары "алаңдаушылық туғызатындар" санатына жатқызады, өйткені оның құрамында патогеннің жасушаларды жұқтыруы үшін қажет S-белоктың 32 мутациясы бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course down  609.28  course down  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети