Омикрон иммундық қорғанысты бұзып өтуді үйренді - ДДСҰ

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Омикрон иммундық қорғанысты бұзып өтуді үйренді - ДДСҰ Фото ©REUTERS

Коронавирустың омикрон штамы адамның иммундық қорғанысын бұзып өтуге қабілетті. Сондықтан ол COVID-19-бен ауырғандарға, екпе алмағандарға және ревакцинация жасамағандарға жұғуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуинович мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдағы апталарда омикрон Еуропаның біраз бөлігіне таралады. Бұл ауруханаларда жүктемені арттырып, денсаулық сақтау жүйелері мен басқа да өмірлік маңызды қызметтерге үзіліс жарияланады. Омикрон адамдарда бұрын дамыған иммундық қорғанысты бұзып өтуге қабілетті. COVID-19-бен ауырғандарға және бұрын ауруға қарсы вакцина алғандарға, вакцина алмағандарға жұғады", - деді Мелита Вуинович "Российская газетаға" берген сұхбатында.

Вакцина аурудың жеңіл өтуіне ықпал етіп, өлім қаупін айтарлықтай төмендетеді.

"COVID-19 вакцинасы өлім қаупін айтарлықтай төмендетеді", - деді Вуинович.

Оның айтуынша, омикрон Еуропалық аймақтағы ДДСҰ-ға мүше 53 елдің 38-інде, соның ішінде Ресейде табылған. Ол Дания, Португалия және Ұлыбритания сияқты бірнеше елдерде кең таралып жатыр. Зардап шеккендердің 89 пайызында COVID-19-дың әдеттегі белгілері болды: жөтел, тамақ ауруы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети