05 мамыр 2022 09:16

Омикрон штамының жаңа түрі анықталған елдер саны артып жатыр - ДДСҰ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: elements.envato.com Иллюстрация: elements.envato.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 бойынша апта сайынғы эпидемиологиялық есебінде омикрон штамының жаңа түрі анықталған елдер саны артып жатқаны айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 бойынша апта сайынғы эпидемиологиялық есебінде омикрон штамының жаңа түрі анықталған елдер саны артып жатқаны айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

Ұйым мәліметінше, омикронның BA.4, BA.5 және BA.2.12.1 нұсқалары бірнеше мемлекетте тіркелген.

"GISAID вирус геномдарының халықаралық дерекқорына және ДДСҰ мен мемлекеттердің аймақтық бөлімшелерінің есептеріне сәйкес, осы үш нұсқаның анықталғандығы туралы хабарлаған елдер саны артып келеді", - делінген ДДCҰ құжатында.

Сондай-ақ, ДДСҰ мәліметтері бойынша жалпы коронавирус жұқтыру дерегі азайып жатыр. 25 сәуірден 1 мамырға дейінгі аралықта әлемде короновирус жұқтыру саны 17 пайызға азайып, ал өлім алдыңғы аптаға қарағанда 3 пайызға төмендеген (18 сәуірден 24 сәуірге дейін).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети