18 тамыз 2014 | 22:09

"Оңшыл сектор" мен Украина ІІМ әріптестік туралы келісімге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет unframe.com сайтынан алынды Сурет unframe.com сайтынан алынды

"Оңшыл сектор" укриандық ұлттық ұйымы мен Украина ІІМ қолданыстағы заңнама аясында лаңкестік қауіптен Украинаны қорғау ісінде үнемі мәліметтермен алмасып, әріптестік орнатуға келісті. Бұл туралы аталған ведомства басшысының кеңесшісі Антон Геращенко Фейсбуктегі жеке парақшасында айтқан.


Иконка комментария блок соц сети

"Оңшыл сектор" укриандық ұлттық ұйымы мен Украина ІІМ қолданыстағы заңнама аясында лаңкестік қауіптен Украинаны қорғау ісінде үнемі мәліметтермен алмасып, әріптестік орнатуға келісті. Бұл туралы аталған ведомства басшысының кеңесшісі Антон Геращенко Фейсбуктегі жеке парақшасында айтқан.

Геращенконың сөзіне қарағанда, 18 тамызда Украина ІІМ басшысы Арсен Аваков пен "Оңшыл сектор" мүшесі Борислав Береза кездескен. "Кездесу барысында АТО мен Украинаның басқа өңірлерінен қару-жарақтың заңсыз тасымалдануын шектеу мәселелері талқыланды және ІІМ мен "Оңшыл сектор" ұйымы арасында ақпарат алмасу мәселесін оңтайландыру қаралды" деп жазады кеңесші.

Оның айтуынша, Аваков "Оңшыл сектор" қозғалысы мүшелерінің лаңкестікпен күреске қосқан үлесіне құрметпен қарайды. "ІІМ басшысы "Оңшыл сектор" ұйымының ресми өкілін Украина тәуелсіздігі мен бірлігін қолына қару алып қорғауға ниет танытушы өз мүшелері ісін заңдастыру қажеттігіне кезекті рет назар аудартты. Бұл үшін Украинаның қарулы күштері немесе Украинаның ІІМ, не болмаса УҚҚ құрылымында Оңшыл сектор бөлімшесін заңдастыру мүмкіндігі бар" дейді Геращенко.

Еске сала кетелік, алдында "Оңшыл сектор" қозғалысының көшбасшысы Дмитрий Ярош Украина президенті Петр Порошенкодан ІІМ ішін "тәртіпке келтіруді", қозғалыстың ерікті-сарбаздарына қатысты қозғалған барлық қылмыстық істі жабуды талап еткен. Бұл талапты орындау үшін Порошенкоға 48 сағат уақыт берілген. Белгіленген уақыт өткен соң "Оңшыл сектор" майдан шебінен шегініп, Киевке ат басын бұратындығы мәлімделген. 17 тамызда Ярош "Оңшыл сектор" Киевке бармайды, өйткені билік өз талаптарының белгілі бір бөлігін орындады деп мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети