03 тамыз 2022 | 17:53

Оңтүстік Африка Республикасында жаппай тәртіпсіздіктер басталды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото:africanews

Оңтүстік Африка Республикасында энергия бағасының өсуі мен өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты тәртіпсіздіктер басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Africa News басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Африка Республикасында энергия бағасының өсуі мен өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты тәртіпсіздіктер басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Africa News басылымына сілтеме жасап.

Негізгі қызметтердің қымбаттығына наразы жергілікті тұрғындар Йоханнесбург қаржы орталығының солтүстік-шығысындағы Тембиса қаласында жолдарды дөңгелектермен қоршап, муниципал ғимаратты өртеп жіберді.

Реклама
Реклама

Билік полициямен болған атыс кезінде екі адам қаза тапқанын мәлімдеді. Кейін Оңтүстік Африканың Қорғаныс министрлігі өртенген ғимарат кіреберісінде тағы екі мәйіт табылып, қаза тапқандардың жалпы саны төртке жеткенін хабарлады. Полицейлер екі адамның өліміне не себеп болғанын әзірге растаған жоқ. Тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, әлемдегі жұмыссыздық пен қылмыс деңгейі ең жоғары елдердің бірі саналатын Оңтүстік Африкада наразылық шерулері жиі болып тұрады. Eskom ұлттық коммуналдық кәсіпорнының қарыздары көп, жұмысшылары ереуілге шығып жатыр. Сол себептен, кейінгі айларда электр қуатының үзілуі де көбейді.

Бұған дейін ОАР президенті Сирил Рамафоса адам ұрлады және пара алды деп айыпталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная