03 маусым 2022 09:44

ОАР президенті адам ұрлады және пара алды деп айыпталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафосаның үстінен шағым түсті, - деп хабарлайды Africanews


Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафосаның үстінен шағым түсті, - деп хабарлайды Africanews

Оңтүстік Африканың бұрынғы барлау офицері Артур Фрейзер ел президентіне қарсы ресми шағым түсірген. Ол өз шағымында мемлекет басшысы үйлерінің бірінде "жасырған" 3,8 миллион еуроны тауып алған қарақшыларды ұрлап кетіп, жауап алғанын айтады.

"Бүгін бұрын-соңды болмаған қадам жасадым, жоғары мәртебелі, Оңтүстік Африка Республикасының президентіне қарсы шағым түсірдім. Бұл шағым елдің солтүстік-шығысындағы Рамафосқа тиесілі фермада жасырылған 3,8 миллион еуроны ұрлауға байланысты", - делінген хабарламада.

Фрейзердің айтуынша, ұрлық 2020 жылғы 9 ақпанда болған. Президент қылмысты полиция мен салық органдарынан жасырған. Содан кейін ештеңе айтпауы үшін кінәлілерге төлеген. Ол Рамафосаны сот төрелігіне кедергі келтіріп, күдіктілерді ұрлап, өз жерінде оларды тергеп, пара алды деп айыптайды.

Портал мәліметінше, Фрейзер полицияға суреттер, банк шоттары, аты-жөндері мен видеолары бар шағымды растайтын дәлелдер ұсынған. Оның адвокаты Эрик Мабуза шағым Йоханнесбург полиция бөліміне жіберілгенін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети