Оңтүстік Корея коронавирусты жеңген соң конституциясын өзгертеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет: pixabay Көрнекі сурет: pixabay

Оңтүстік Кореяның конституциясы уақыт талабына сай емес және жыл соңына дейін реформалануы керек. Бұл іс коронавирус пандемиясынан өткеннен кейін қолға алынады. Бұл туралы парламент спикері Пак Бек Сон мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Кореяның конституциясы уақыт талабына сай емес және жыл соңына дейін реформалануы керек. Бұл іс коронавирус пандемиясынан өткеннен кейін қолға алынады. Бұл туралы парламент спикері Пак Бек Сон мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Спикер бұл мәлімдемені елдің Конституция күніне орай өткен салтанатты жиында айтты. Биыл Корея Республикасының конституциясына 72 жыл толды.

Ол "азаматтарды өзгерістер ағымынан қорғау және болашаққа жол ашу" үшін заңдарға өзгеріс енгізу керегін айтты.

"Алдағы саяси кестені ескере отырып, келесі жылға дейін конституцияны реформалудың нағыз уақыты. Коронавирусты жеңгеннен кейін бұл сұрақты түбегейлі талқылауды бастайық", - деді спикер.

Пак Бен Соктың айтуынша, Оңтүстік Кореяның қазіргі конституциясы 1987 жылы "демократия үшін күрес және авторитаризмді жою, президентті бес жыл мерзімге тікелей сайлау және азаматтық бостандық" рухында қабылданған. Мұндай конституция қазіргі заман талабына сай емес.

"Коронавирустан кейін мемлекет деген түсініктің өзі түбегейлі өзгерді. Сондай-ақ 1987 жылмен салыстырғанда экономикамыз 10 есе өсті және қазіргі заман мен азаматтардың талабы да айтарлықтай өзгерді", - деп түсіндірді Пак Бен Сок.

Сонымен қатар, премьер-министр Чон Се Гюн Facebook желісіндегі парақшасында конституцияны қайта қарау керегін жазды.

"Конституцияға барлық сала, оның ішінде экономика, қоғам, мәдениет, азаматтардың еңбегі және қоршаған орта бойынша жаңа рух беру процесін бастайтын уақыт келді", - деп жазылған Чон Се Гюнның хабарламасында.

Корея Республикасының конституциясы 1948 жылы 17 шілдеде қабылданған және соңғы рет 1987 жылы қайта қаралған. Конституция күні ұлттық мереке болып есептеледі, бірақ демалыс күні емес. 

Джонс Хопкинс университетінің деректеріне қарағанда, Кореяда жалпы 13 612 адам COVID-19 жұқтырған. 12 460 науқас аурудан айықты, 293 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer