Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады instagram.com/sukyeol.yoon

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қоғамдық наразылық тудырған әскери жағдай жариялағаны үшін халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қоғамдық наразылық тудырған әскери жағдай жариялағаны үшін халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap-қа сілтеме жасап.

Ол бұдан былай мұндай қадамдарға бармауға уәде берді.

"Шын көңілден халықтан кешірім сұраймын", - деді ол.

Ел президентінің айтуынша, мұндай шараға мәжбүрлі түрде барған.

"Әскери жағдай жариялауға байланысты жауапкершіліктен жалтармаймын", - деді ол.

Айта кетейік, 3 желтоқсанда кешке Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель төтенше әскери жағдай жариялады. Бұл шешім оппозициялық Демократиялық партия Парламентте қысқартылған бюджет туралы заң жобасын қолдап, мемлекеттік аудитор мен бас прокурорға импичмент жариялау туралы өтініш бергеннен кейін қабылданды. Алайда Оңтүстік Кореяның Ұлттық Ассамблеясы елде әскери жағдай енгізілуіне қарсы дауыс берді.

Дауыс беру кезінде Ұлттық ассамблея ғимаратында әскери жағдайды жоюды талап еткен азаматтар әскери адамдармен, полициямен қақтығысып қалды. Сеул көшелерінде әскери техника пайда болды.

Кейін ел президенті төтенше әскери жағдайды алып тастайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, әскери жағдайдағы әскер шығарылған, ал жақын арада Үкімет отырысы өтеді.

Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады. Қазақстан азаматтары төтенше жағдай кезінде жедел байланыс үшін мына нөмірлерге хабарласа алады: +8210-6572-9311.

Сонымен қатар, Оңтүстік Корея президентінің аппараты отставкаға кететінін мәлімдеді.

Ал Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Оңтүстік Кореяда қанша қазақстандықбарын айтты.

Кейінірек Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі де отставкаға кететінін мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің 5 желтоқсанға жоспарланған келіссөзі өткізілмеді. Ал полиция Оңтүстік Корея президентіне қарсы тергеуді бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети