Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Мильян қаласында орналасқан ауруханадағы өртке байланысты жедел түрде жиын өткізеді, - деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасап. Айта кетейік, ауруханада болған өрттен 33 адам қаза болды.

Ренхап агенттігінің мәліметінше, алдын ала мәліметке қарағанда өрт аурухананың бірінші қабатында шыққан. Сол сәтте онда шамамен 100 адам болған. Өртті тек 1 сағат 40 минуттан соң өшіру мүмкін болған. Шамамен 40 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген.
Сондай-ақ, агенттіктің мәліметінше, өрттен қаза болғандардың саны әлі де көбеюі мүмкін.