Оңтүстік Корея парламенті дауыс беру қорытындысы бойынша ел президенті Пак Кын Хеге импичмент жариялады, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Оңтүстік Корея парламенті дауыс беру қорытындысы бойынша ел президенті Пак Кын Хеге импичмент жариялады, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ұлттық жиынның 234 депутаты қолдап дауыс берді, 56-сы қарсы болды. Екі депутат дауыс беруден бас тартты. Жеті түбіртек жарамсыз деп танылды. Отырыстан тікелей таратылымды оңтүстіккореялық телеарна жүргізді.
Президентті биліктен кетіруге Пак Кын Хе мен оның бұрынғы танысы Цой Сун Сильдің айналасындағы жемқорлық дауы себеп болған. Танысы байланыстарын пайдакүнемдік мақсатта қолданып, мемлекеттік істерге президент пен оның әкімшілігі арқылы араласқан делінеді.
Енді импичмент бекітілеуі тиіс немесе Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты оны кері қайтаруы тиіс.