04 қараша 2019 17:50

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты тергеу аяқталды

© Yonhap News © Yonhap News

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Іс бойынша тергеу аяқталды. Іс сотқа жолданды. Алғашқы отырыс қарашаның ортасында өтеді деп жоспарланды. Ертең қазақстандық азамат жалдаған жеке адвокатымен кездесу болады", - деді Смадияров. 

Бұған дейін қазақстандықтың құқығын Корея ұсынған мемлекеттік адвокат қорғаған. 28 қазанда сотталушы жеке адвокат жалдаған. 

Айта кетейік, қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір ол Чанвон қаласындағы тергеу изоляторында. 

Еске салайық, бұған дейін 20 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореяда бала қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалғаны хабарланған. жәбірленуші жансақтау бөліміне түскен. Ол 18 түрлі жарақат алған. Күдікті Павлодардан табылған. Артынша қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға барған.

2 қарашада тағы бір қазақстандықпен қатысты оқиға Оңтүстік Кореяда болған. Ер адам такси көлігіне соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалмақшы болған. Алайда такси жүргізушісі оны ұстап үлгерген. Ол Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргені анықталған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети