09 тамыз 2014 17:14

Оңтүстік Кореяда жылына бір миллион марка шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ким Мун Су. ©Massaget.kz Ким Мун Су. ©Massaget.kz

Оңтүстік Кореяда бір жылда 20 серия бойынша 1 млн-ға жуық марка шығарылады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне Сеул қаласының пошта саясаты және марка дайындау жөніндегі бөлімі директорының орынбасары Ким Мун Су айтты.


Оңтүстік Кореяда бір жылда 20 серия бойынша 1 млн-ға жуық марка шығарылады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне Сеул қаласының пошта саясаты және марка дайындау жөніндегі бөлімі директорының орынбасары Ким Мун Су айтты.

Оңтүстік Кореяда филателистикамен 1 млн-ға жуық адам айналысады. Оның 20 мыңға жуығы жыл сайын жаңа маркаларға қол жеткізеді. Бұл елде ең алғашқы марка 1884 жылдың 11 қарашасында - корей поштасы ашылған күні шығарылған.

Ким Мун Судың айтуынша, бүгінде Корея Республикасындағы ең қымбат пошта маркасы - Definitive Stamp. 1955 жылы шығарылған марка 165 мың долларға бағаланады. Бүгінде Корея елінде 3,5 мыңға жуық пошта бөлімшесі бар, оларда 40 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, Сеулде Philakorea-2014 атты маркалардың халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Оған қатысуға әлемнің 90 мемлекетінен өкілдер келді. Сеулдегі көрмеге "Қазпошта" АҚ делегациясы да барды. Еліміздің пошта саласының мамандары филателияның әлемдік жетістіктерімен танысып, тәжірибе алмасуды көздейді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети