Оңтүстік Кореяда коронавирус бойынша тағы да рекорд жаңарды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда коронавирус бойынша тағы да рекорд жаңарды Фото ©REUTERS

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны ең жоғары деңгейге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны ең жоғары деңгейге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігі (KDCA) күніне 5 266 жағдай тіркелгені туралы хабарлады, бұл пандемия басталғалы бері күн сайынғы ең жоғары көрсеткіш. Оның ішінде 5242 жағдай ел ішінде инфекцияның таралуына байланысты жұқтырса, қалған науқастар елге шетелден келгендер.

©REUTERS

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда екінші күн қатарынан күніне бес мыңнан астам ауру жұқтырғандар анықталды. Мұндай аурушаңдық республикада алғаш рет тіркеліп отыр. Сондай-ақ, елде COVID-19 ауыр жағдайдағы науқастардың саны бойынша рекорд жаңарды, қазір елде 733 адам бар.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин: "Біз қалыпты жағдайды кезең-кезеңімен қалпына келтірудің қиын жолында келе жатырмыз және жаңа "омикрон" нұсқасына байланысты қауіп артып келеді", - деді.

©REUTERS

Сонымен қатар, жұма, 3 желтоқсаннан бастап Оңтүстік Кореяға келген саяхатшылар екі апта, яғни 10 күндік карантинде жатады, бұл талап бұрын толық вакцинацияланған адамдарға да қатысты. Мұндай шаралар елде "омикрон" штамының алғашқы бес жағдайы тіркелгеннен кейін қолға алынды.

Елде ересектердің 92 пайызға жуығы толығымен вакцинацияланған және қазіргі уақытта балаларды егу бағдарламасына назар аударылады, бірақ сарапшылар жаңа COVID-19 нұсқасының таралуына байланысты жағдайлар көбеюі мүмкін деп ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети