Оңтүстік Кореяда Президент сайлауы өтіп жатыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда Президент сайлауы өтіп жатыр Фото ©REUTERS

Оңтүстік Кореяда алдағы бес жылда елді басқаратын 20-президент сайлауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда алдағы бес жылда елді басқаратын 20-президент сайлауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі президент Мун Чжэ Ина Конституцияға сәйкес қайта сайлана алмайды. Негізгі тартыс билеуші "Тобуро" либералды демократиялық партиясынан түскен үміткер Ли Чжэ Мин мен "Азаматтық күш" ірі оппозициялық Консервативті партияның өкілі Юн Сок Елем арасында өтеді.

©REUTERS 

Мәлімет бойынша, сауалнама қорытындысына сәйкес екеуі де респонденттердің шамамен 40 пайыз дауысын жинап, жеңіске жету мүмкіндігіне ие. Ал өзге де сайлауға түсушілер 10 пайыздан төмен рейтингке ие және ашық аутсайдер болып саналады.

©REUTERS

©REUTERS

Дауыстарды санау сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бірден басталады. Сайлау Оңтүстік Кореяда COVID-19 өршіп тұрған уақытта өтіп жатқаны атап өтілді. Бұған дейін билік карантиндегі жүздеген мың азаматтың сайлау учаскелеріне келуіне рұқсат берген болатын.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 10:00) басталған сайлауға 44,2 миллион азамат қатысады. 5 және 6 наурызда өткен мерзімінен бұрын дауыс беруге қатысу ел үшін рекорд көрсеткіш болды: екі күннің ішінде 16,3 миллион сайлаушы (36,9 пайыз) өз дауысын берді.

Ұлттық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беру таңғы сағат 6-да басталғаннан бері бүкіл ел бойынша дауыс беруге құқығы бар 44,2 миллион азаматтың 27 миллионы 14 464 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети