Оңтүстік Кореяда суға батқан кеменің капитаны қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда суға батқан кеменің капитаны қамауға алынды

"Оңтүстік Кореяда суға батқан "Севол" кемесінің капитаны қамауға алынды, ол өмірлік бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Газета.ru сайты шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап мәлімдеді" - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оңтүстік Кореяның Мокпхо қаласының соты кеме капитаны Ли Чжун Сок пен экипаждың екі мүшесін қамауға алуға ордер берген. Соттың мұндай шешім шығаруының себебі, егер экипаж мүшелері бостандықта болса, олар өздеріне қарсы айғақтардың көзін жоюы ықтимал.

Тергеу кеме батқан кезде Ли Чжун Соктың кеме рөлінде болмағанын анықтаған. Паромды бар болғаны бір жыл үшінші көмекші қызметін атқарған теңізші басқарған.

Апат 16 сәуірде Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауынан 100 шақырым қашықтықта орын алған болатын. Кемеде 470 жолаушы болған. Қазіргі уақытта 290 адам хабар-ошарсыз жоғалғандар қатарында.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети