Оңтүстік Кореяда өрт кезінде қазақстандық жоғалып кеткен. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетібаевтың айтуынша, іздестіру жұмыстары кезінде адам мүрдесі табылған. Олар сараптамаға жіберілген.
"Қазіргі уақытта сараптама нәтижелерін әлі алған жоқпыз. Корея тарапы ақпарат ұсынған бойда марқұмның туыстарына хабар беріледі", - деді Жетібаев.
Не болған?
1 ақпанда Оңтүстік Кореядағы зауыттардың бірінде ірі өрт болған. Төтенше жағдай салдарынан екі шетелдік жұмысшы хабар-ошарсыз кеткен. Кейбір БАҚ мәліметінше, олардың арасында 50 жастағы Қазақстан азаматы болған.
Өрт шыққан сәтте кәсіпорында 83 жұмысшы болған, олардың 81-і эвакуацияланып үлгерген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!