26 қазан 2015 11:14

Оңтүстік Кореядағы автомагистраль тоннелінде жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Оңтүстік Кореяда автомагистральдің тоннелінде жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Оқиға 26 қазанда болды.


Оңтүстік Кореяда автомагистральдің тоннелінде жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Оқиға 26 қазанда болды.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, еріткіш алып бара жатқан жүк көлігі жарылған. Жарылыс салдарынан бір адам күйіп қалды, 7-8 адам түтінге уланып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға Кенсан-Пукто провинциясындағы Санджу қаласында болды. Жергілікті телеарналар оқиға болған жердегі түтінді крсетті. Жарылыстың себебі әзірше анықталған жоқ.

Еске сала кетейік, 30 қыркүйектеҚытайдың оңтүстігіндегі қалада бір уақытта 15 жарылыс болған еді. Алты адамның қаза тауып, 15 адамның жарақат алғаны хабарланды. Куәгерлердің мәліметінше, жарылыстар бір уақытта қоғамдық көлік аялдамасында, базарда, ауруханада және бірнеше қоғамдық жерде болыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети