ОПЕК Еуроодақ ресейлік мұнайдың орнын өтей алмайтынын хабарлады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОПЕК Еуроодақ ресейлік мұнайдың орнын өтей алмайтынын хабарлады ©РИА Новости

Ресейге салынған санкциялар мұнай жеткізудегі ең ауыр дағдарыстардың бірін тудыруы мүмкін және шығынның орнын толтыру мүмкін болмайды. Бұл туралы Брюссельде ұйым өкілдері мен Еуроодақ шенеуніктері арасындағы келіссөзде ОПЕК бас хатшысы Мохаммед Баркиндо айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS агенттігіне сілтеме жасап.

Баркиндо айтқан мәліметке сәйкес, қазіргі және болашақ санкциялар нәтижесінде әлемдік нарық тәулігіне 7 миллион баррельден астам ресейлік мұнай мен басқа сұйық көмірсутектерді жоғалтуы мүмкін.

"Қазіргі сұраныс болжамын ескере отырып, мұндай көлемді өтеу мүмкін болмайды", - деді Баркиндо.

Кездесуде Еуроодақ шенеуніктері мұнай өндіруші елдерді мұнай бағасының өсуін бәсеңдету үшін жеткізуді ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға шақырғанын қайталады. Сондай-ақ, олар ОПЕК мұнай нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге жауапты екенін атап өтті, деп хабарлады REUTERS агенттігіне Еурокомиссия өкілі.

Агенттік танысқан ОПЕК құжатына сәйкес, ұйымның ұстанымы - ол бос қуаттар есебінен ірі өндірісті қамтамасыз ете алады. Дегенмен, Баркиндо "нарықтағы қазіргі ауытқулар ОПЕК-тің бақылауынан мүлдем тыс болатын іргелі емес факторлардан туындап отыр" деді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети