26 ақпан 2014 | 10:50

Оппозиция Түркия премьерінің отставкаға кетуін талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайып Эрдоған. Фото ©РИА Новости Тайып Эрдоған. Фото ©РИА Новости

Youtube порталында Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Эрдоғанның ұлы Билялмен телефон арқылы сөйлескен сөздері жарияланды. Әке мен баланың екеуара әңгімесі үйлерінде сақтаулы тұрған есебі жоқ ақшадан қалай құтылу керектігі жайында өрбіген, деп жазады "Московский комсомолец". Екеуара болған әңгіме 2013 жылы желтоқсанның 17-18-і күндері, яғни қоғамда үлкен шу тудырған жемқорлыққа қатысты "Үлкен пара" ісінің алғақшы легі жүріп өткеннен кейін жазылып алынған екен. Ол жазбада Түркия премьеріне ұқсас бір адам, Эрдоғанның ұлы Билялға сол кезде қызметте болған үш министрдің ұлдарының үйіне тінту жұргізілгенін, сол себепті үйінде сақтаулы тұрған қаражаттың барлығын алып шығып, туған-туыстары мен таныс адамдарының үйлеріне бөліп-бөліп тастауды тапсырады. Арада бірер уақыт өткеннен кейін Блиял әкесімен байланысқа қайта шығып, тапсырылған жұмыстың уақытылы, әрі тыңғылықты атқарылғанын, тек үй ішінде бар болғаны 30 миллион евроның қалғанын айтады. Бұл жазба көпшілікке қолжетімді болған сәтте Түркия премьерінің әкімшілігі бұл материалдың жалған екенін, бұл видеоны жасаған адамдар жауапқа тартылатынын мәлімдеген-ді. Осыған байланысты оппозиция өкілдері бұл іске бей-жай қарай алмайтынын, Халықтық-республикалық партиясы болса Түркия үкіметі сол сәттен бастап ықпалынан әрі беделінен де айырылғанын жариялаған болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети