Америкалық Орегон штатындағы Umpqua Community колледжінде атыс болып, 10 адам қаза тапты және 7 адам жарақат алды. - деп хабарлайды The News-Review жергілікті басылымы. Оқиға 1 қазанда таңғы уақытта Розберг (Roseburg) білім беру мекемесінде болды.
Америкалық Орегон штатындағы Umpqua Community колледжінде атыс болып, 10 адам қаза тапты және 7 адам жарақат алды. - деп хабарлайды The News-Review жергілікті басылымы. Оқиға 1 қазанда таңғы уақытта Розберг (Roseburg) білім беру мекемесінде болды.
Колледж ғимараты. © Facebook
Атқан адам мен қаза тапқандардың және жарақат алғандардың аты-жөндері аталмай отыр. Атысты шығарған 20 жастағы жігіт екендігі белгілі. Полицияның мәліметінше, оның көзі жойылған. "Атыс болды. Атқан адам өлтірілді", - деп мәлімдеді тілшілерге округтік шериф Джон Ханлин.
Округтік шериф Джон Ханлин. © nrtoday.com
Куәгерлердің бірі атыс басталмас бұрын қылмыскердің студенттерден қай дінге сенетінін сұрастырғанын айтып берді. "Мен сыныпта отырғанмын, атысты естідім. Оқ терезеден кіріп, мұғалімнің тура басына тиді. Кейін атқыш ішке кіріп, бәріміздің еденге жатуымызды талап етті. Сосын әрқайсымызды тұрғызып, дінімізді сұрады. Осыдан кейін атыс басталды", - дейді 18 жастағы Кортни Мур.
10 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды. © nrtoday.com
Ал CNN телеарнасының мәліметінше, жігіт қылмысқа бармас бұрын Интернетте біреулермен хат алмасып, онда оның "жаңалықтарға шығудың жалғыз жолы" болғандықтан атыс ұйымдастыруға ниетті екенін айтыпты.
Телеарнаның мәліметінше, оқиға орнында полицейлер қаруларды тапты - төрт тапанша. Қазіргі уақытта білім беру мекемесін құқық қорғау органдары қоршауға алған. Тергеу жүріп жатыр.
© nrtoday.com, facebook, twitter.com