Орман өрті сияқты тез тарайды - ДДҰ пандемияның екінші толқыны туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орман өрті сияқты тез тарайды - ДДҰ пандемияның екінші толқыны туралы

Мемлекеттер арасында шекаралар ашылған соң коронавирус жұқтырғандар саны көбеюі мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович "Россия-24" телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Ол қазіргі уақытта сақтық шараларын ұстанып, вирустың қайта өршуі мүмкін екенін ескерту өте маңызды екенін айтады.

Оның айтуынша, әзірше коронавирустың екінші толқыны болмайды деген бірнеше ел бар.

"Вирус ошақтары көп, ал екінші толқын деген не? Бұл белгілі бір аумақта, бәлкім, елдің ішінде вирус жұқтырған науқастардың үлкен шоғырын білдіреді. Қазір біз елдерде мұндай тізбектердің тез таралып жатқанын көріп отырмыз, бұл ошақтарды одан әрі таратпау үшін шектеу қою керек.

Вирус орман өрті сияқты өте тез тарайды. Бірақ егер сіз оны бірден қоршап, өртті сөндіріп, науқастармен байланыста болған адамдардың барлығын оқшауласаңыз, індетті тоқтата аламыз, яғни екінші толқынға жол бермейміз", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети