Өрттен зардап шеккен атақты әнші комада жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өрттен зардап шеккен атақты әнші комада жатыр Фото: instagram.com/marina_hlebnikova_official

Мәскеуде өрттен зардап шеккен Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Марина Хлебникова жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, қазір комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 5-tv.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде өрттен зардап шеккен Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Марина Хлебникова жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, қазір комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 5-tv.ru басылымына сілтеме жасап.

Соңғы мәлімет бойынша, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі көмірқышқыл газынан уланған. Сонымен қатар, әншінің денесі бірнеше жерінен күйген: бетінің 20 пайызы, сондай-ақ әртүрлі дәрежеде басы, кеудесі және жамбасы күйген. Қазір әнші жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр, деп жазды басылым.

Оқиға Мәскеуде бейсенбі, 18 қарашда кешке болған. Құтқарушыларды бірінші болып әншінің қызы шақырғаны хабарланды. Пәтерден бес адам құтқарылды. Тек Хлебникова ауыр зардап шеккен. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәскеудегі Ратная көшесіндегі үйдің төртінші қабатында 10 шаршы метр аумақта өрт шығып, онда Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Марина Хлебникова зардап шеккені хабарланған болатын. Өрттің шығу себебі темекіден деген болжам бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети