18 ақпан 2022 17:45

"Оскардың" жүргізушілері мен қатысушыларына маска тақпауға рұқсат етілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Оскар" кешінің жүргізушілері мен әртістеріне екпе алғаны туралы дәлелдеме бермеуге және маска тақпауға рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


"Оскар" кешінің жүргізушілері мен әртістеріне екпе алғаны туралы дәлелдеме бермеуге және маска тақпауға рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Кинематография өнері және ғылымдар академиясы салтанатқа келген, бірақ шоуға қатыспайтын қонақтар коронавирусқа қарсы вакцина салдыру керек немесе COVID-19 үшін екі теріс ПТР сынағы болуы керек деп мәлімдейді. Алайда бұл ережелер жүргізуші мен әртістерге қолданылмайды. Шараға 2,5 мыңға жуық қонақ шақырылғаны атап өтілді.

Басылымның мәліметінше, Dolby театрының бірінші қабатында орналасатын үміткерлер мен олардың қонақтары келушілер арасындағы жеткілікті интервалға байланысты бетперде қолдану қажеттілігінен босатылады. Мезонинде тек бетперде киюге болады, өйткені орындықтар бір-біріне жақын орналасқан.

"Оскар" марапаттау рәсімі 28 наурыз Лос-Анджелесте өтеді. Биылғы шараны Эми Шумер,  Реджина Холл және Ванда Сайкс жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети