Охот теңізіндегі кеме апаты: құрбандардың саны 57-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Охот теңізіндегі кеме апаты: құрбандардың саны 57-ге жетті © РИА Новости

Охот теңізіндегі кеме апаты: Нақтыланған мәліметтер бойынша, қаза болғанғандардың саны 57-ге жетті, тағы 12 адам із-түссіз жоғалды, - деп хабарлайды РИА Новости Петропавл-Камчатск теңіз портының теңіз үйлестіру-құтқару орталығының басшысы Артур Рецке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Охот теңізіндегі кеме апаты: Нақтыланған мәліметтер бойынша, қаза болғанғандардың саны 57-ге жетті, тағы 12 адам із-түссіз жоғалды, - деп хабарлайды РИА Новости Петропавл-Камчатск теңіз портының теңіз үйлестіру-құтқару орталығының басшысы Артур Рецке сілтеме жасап.

"Бастапқыда мәйіттің саны дұрыс саналмаған, екі мәйіт бір қорапта болған. Сондықтан бүгінгі таңда із-түссіз жоғалғандардың саны 12 адам деп есептеліп отыр", - деді Рец.

Бұл мағлұматты Ресей ТЖМ Қиыр Шығыс орталығының төрағасы да растады. Оның айтуынша, мәйіт санауда қателіктің кетуіне іздестіру-құтқару операцияларына өте көп адамның жұмылдырылғаны және үнемі жаңа ақпараттың беріліп отыруы себеп болған.

Еске сала кетейік, Охот теңізіндегі кеме апаты бейсенбі, 2 сәуірге қараған түні Магаданнан шамамен 300 шақырым жерде болды. Құтқарушылар "Дальний Восток" кемесінің бортында болған 132 балықшының (олардың 54-і шетелдік) 119-ын мұзды судың астынан алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың 56-сы қаза тапқан, ал қалғандары қатты үсіп қалыпты.

Камчатск ТЖМ өкілі Охот теңізіндегі кеме апатына мұзды ахуалдың себеп болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жылжымалы мұзға соғылғаннан кейін пайда болған ойықтан кейін кеменің батып кетуі мүмкін. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети