28 мамыр 2022 | 09:19

Өзбек әншісі Наргиз Закирова Ресейден қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/nargizzakirova_official © instagram/nargizzakirova_official

Танымал өзбек әншісі Наргиз Закироваға Украинадағы соғысқа қатысты айтқан сөзіне байланысты 2072 жылға дейін Ресейге кіруіне тыйым салынды. Бұл туралы әртістің адвокаты Бахром Исмаилов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "СтарХит" сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Танымал өзбек әншісі Наргиз Закироваға Украинадағы соғысқа қатысты айтқан сөзіне байланысты 2072 жылға дейін Ресейге кіруіне тыйым салынды. Бұл туралы әртістің адвокаты Бахром Исмаилов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "СтарХит" сайтына сілтеме жасап. 

"Менің қолымда 50 жылға кіруге тыйым салу туралы шешім бар. Бұл арнайы операцияны айыптаған әртістер алып жүрген стандарт тыйым. Наргиз Закироваға қатысты да осы шектеу қойылды. Наргиз бұған дайын болды. Осыған қарамастан, қамқоршым азаматтық ұстанымына адал болып қала береді", - деді адвокат.

Исмаилов АҚШ азаматтығы бар Закированың жақында Мәскеудің Домодедово әуежайы арқылы Өзбекстанға оралуына тура келгені туралы ақпаратты растады. БАҚ мәліметінше, ол жер аударылды.

Әнші бұған дейін Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты бірнеше рет ашық мәлімдеме жасаған еді. 22 сәуірде ол телеграм-арнасында былай деп жазды: "Украинадан қолыңды тарт! Украина халқын өлтіретін, жоятын, зорлап, тонайтындардың бәрі қарғысқа ұшырасын! Соғысқа жол жоқ!".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети