21 қыркүйек 2017 17:29

Өзбек мұғалім оқушыларды сабақ үстінде қарғап-сіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстандағы Андижан қаласында орналасқан орта мектептердің бірінің мұғалімі сабақ үстінде екі оқушыны қарғап-сілеген, - деп хабарлайды centralasian.org.


Өзбекстандағы Андижан қаласында орналасқан орта мектептердің бірінің мұғалімі сабақ үстінде екі оқушыны қарғап-сілеген, - деп хабарлайды centralasian.org.

Жарияланған видеодан мұғалімнің екі оқушыны қарғап жатқаны көрінеді. "Алла сендерді жазаласын! Аяқтарыңды алып қойсын! Аяқтарын жұмыс істемей сал болып қалсын! Екеуің де осы мектепке жете алмай қалыңдар!!! Өліп қалыңдар! Бұл ең жаман қарғыс! Алла сендерді жазаласын! Мені жанжалдасқыш деп айтатындай не істеп қойдым сонша? А?! (...) Осы күйі әрі қарай өспей қалыңдар! Оқуға түсе алмай қалыңдар!", - делінген видеода.

Басылымның мәліметінше, мұғалімнің мұндай сөздер айтуына ненің себеп болғаны әзірше белгісіз. Бастапқыда мұғалім журналистерге бұл жағдайды жоққа шығарған.

Ал видеоны қарап болған соң балаларды ұрмағанын және оларды қарғап-сілемегенін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети