Өзбекстан базарларында қантқа байланысты дүрбелең болып жатыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан базарларында қантқа байланысты дүрбелең болып жатыр Ташкент базарындағы қант үшін талас. © facebook

Өзбекстанда базарлар мен дүкендерде қант үшін бұрын-соңды болмаған дүрбелең байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өзбек БАҚ-тарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда базарлар мен дүкендерде қант үшін бұрын-соңды болмаған дүрбелең байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өзбек БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Жақында әлеуметтік желілерде Өзбекстан супермаркеттерінің бірінде сатып алушылар арасындағы дүрбелең көрінетін бейнеролик тарады. Оған ерлер де, әйелдер де қатысқан.

Желі қолданушылары Ташкент базарларында қант үшін кезек болып жатқанын жазып жатыр. Соның ішінде бұл жағдай "Куйлюк" базарында байқалады.

"Адамдар, айтыңыздаршы, неге мұндай жағдайға жету керек? Бұл - жай ғана жүйке жүйесін өлтіру. Суретте 10 мың сум тұратын қант үшін кезек. Бұл елдегі соңғы қант сияқты. Байғұс милиция концертте жүргендей тұр", - деп жазды өзбек астанасының тұрғыны Facebook-те.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірнеше күн бойы Юнусабад дехкан базарында және басқа базарларда да болып жатыр.

Ал билік өкілдері елде қанттың жеткілікті қоры барын, тапшылық болмайтынын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети